1

КІРУ

Бүлдіршін байқауы

     Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі бойынша жұмысты белсенділендіру, жас таланттарды анықтау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында көркемдік өзіндік қызметтерін дамыту мақсатында аудандық мәдениет үйіңде  аудандык  «Бүлдіршін» байқауы өтті.

      Балалардың шығармашылық байқауы бір-неше номинация бойынша өткізілген болатын:

  1. Вокал
  2. Хореография
  3. Балалық оркестр
  4. Көркем сөз

      Бұл байқауға біздің мектептің атынан 7 бала қатысты, олар мектепке дейінгі даярлық топтың және шағын орталықтың тәрбиеленушілері.

       Бейсен Ерлан «Қошақаным» әнімен «вокал» номинациясында бағын сынады.

       «Көркем сөз» номинациясында біздің мектептің намысын Букаева Амина қорғады.

 

       «Хореография» номинация бойынша  біздің мектептің атынан бишілер тобы өнер көрсетті.

 

       Біздің бишілердің өнерің көрген қазылар алқасы, өнерпаздарымыздын өнерін өте жоғары бағалап «көрермендер көзайымы» атағын беріп, сыйлықтармен мадақтамамен марапаттады.