8 наурыз

Халықаралық әйелдер мейрамына арналған біртұтас сынып сағаты 7 наурыз күні бірінші сабақ болып өткізілді.

7 наурыз күні халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында мектеп вожатыйы Машенова З.С. жетегінде оқушыларының қатысуымен спортзалда  мерекелік концерт өткізілді.

Арнайы шақырулармен концертке мектептің барлық жұмысшылары, ауыл қарттары, еңбек ардагерлері шақырылды.

Мектеп директоры Шарапиденова С.Е. бірінші болып құттықтап сөз сөйледі.

Шағын –орталықтың тәрбиеленушілері аналарына арнап өз қолдарымен  жасаған сыйлықтары мен открыткаларын сыйлады.

Концерттің жүргізушілері 7 сынып оқушысы Амантай Әйгерім мен 8 сынып оқушысы Абдулманова Бикен болды.

Концерт керемет өтілді, көптеген қойылымдармен, би, әндермен.

Концерт барысында мектеп директоры Шарапиденова С.Е. қатысқандар мен мектеп педагогтарына арнайы мараппаттау қағазы мен алғыс хаттарды табыс етті. Сонымен қатар профком жетекшісі Баймурзинова О.М. Сара Еркінжасовнаны мұғалімдер арасындағы аудандық пәндер олимпиадасында 3 орын иеленуімен құттықтап диплом табыс етті.

Сосын ата-аналарды информатика кабинетіне балалардың power point программасында жасалған құттықтау открыткаларын көруге шаүқырды.

Мейрам сәтті өтілді.