1

КІРУ

«Ұлан басы» сайлауы

«Ұлан басы» сайлауы бірнеше кезеңде өтті.

Бірінші – үміткерлердің ұсынылуы мен тіркелуі.

Екінші – сайлау алдындағы үгіт.

Үшінші – сайлау.

Төртінші – дауыстардың саналуы және жеңілпазды хабарлау.

Сайлау комиссия мүшесіне 7 сынып оқушысы Амантай Әйгерім, 8 сынып оқушысы Абдулманова Бикен және мектеп тәрбие жетекшісі Машенова З.С. кірді.

 Сайлау комиссия мүшелері 2 үміткерді тіркеді: 6 сынып оқушысы Хуанай Айкүміс пен 6 сынып оқушысы Амантай Нұршаш.

Екі апта аралығында үміткерлер өздерін ұсынып, сайлау алды үгіттерін жүргізді.

Мінеки көптен күткен сайлау күні де жетті. Барлық оқушылар, мұғалімдер және мектеп жұмыскерлері өз таңдауларын жасап, қалаған үміткерлеріне дауыстарын берді.

Сайлау комиссиясы хаттама құрды, хаттаманың ішіне «4 дауыс айырмашылығымен 6 сынып оқушысы Амантай Нұршаш «Ұлан басы» болып сайланды», - деп жазылды.