1

КІРУ

Денсаулық күні «қазына» іздеуге аттанамыз

         Салауатты өмір салты құрылымында, жаппай спорттық іс-шараларға қатынасу тәрбиесінде, балалардың өз білімі мен күштеріне сене білулері, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру барысында, 7 қыркүйек күні Зеленая роща негізгі орта мектебінде дәстүрлі Денсаулық  күні өткізілді.

 

           Бұл күнді табиғат аясында өткізілу шешіміне келіп, жаппай мектеп болып  табиғатта серуендеуге аттанды. Оқушыларға әртүрлі спорттық жарыстар құрастырылды, бірақ ең қызықтысы алда күтіп тұрды – бұл «қазына» іздеу еді.  Бұл оқушылар үшін күтпеген жайт болды. Денсаулық күні кросстан басталды,  3 жеңімпаз аңықталды: 1 орын – Нестеров Паша 6 сынып оқушысы, 2 орын – Тараненко Владлен 7 сынып оқушысы, 3 орын – Амантай Ерсұлтан 5 «А» сынып оқушысы. Содан соң оқушылар қазына іздеуге аттанады. Оқушылар екі топқа бөлінді, әр топ арнайы бағдармен бекеттерге жетіп қызықты  тапсырмаларды орындады. Жылдам ойлау мен шығармашылық өнерлерін көрсетті  және де спорттық  тапсырмаларды орындады. Барлық бекеттерді өтіп, қатысушылар қазынаға да жетті. Барлығы қызығушылық пен шыдамсыздық танытып қазынаны көруге асықты. «Қазынаның»  үлкен қарбыз екендігін көргенде қатысушылар таңғалып, шексіз қуанышқа бөленді.  Мұндай тәтті қазынаға барлығы разы болды.

Жарыстар кезінде табиғат аясында мұғалімдер балаларға арнап үлкен қазанмен палау әзірледі. Мерекелеудің соңында барлығы әзірленген палу мен өздері тапқан қазынаның дәмін рахаттана татты. Денсаулық күні жақсы өтіп, барлығының көңілінен шықты. Қатысушылар жоғарғы дәрежедегі дене тәрбиелік дайындықтары мен қатар батылдылық, айлакерлік, күштіліктерін көрсетті.

Мұғалімдерге өз оқушыларының көздеріндегі қуаныштары мен жүздеріндегі күлкілерін көргеннен артық  қандай алғыс болсын. Барлығы айтылмыш күш қуат, денсаулық және көтеріңкі көңіл күйге ие болды. Бізде барлығына тілейтініміз сол!