1

КІРУ

«Қош бол алтын ұя мектебім»

Мінеки, көпшіліктің күткен күні – соңғы оқу күні, ал 9 сынып оқушылары үшін бірден қуанышты да көңілсіз мектепппен қоштасу күні.

           2013 жылдың 25 мамырында Зеленая роща негізгі орта мектебінде « Қош бол алтын ұя мектебім» атты қоштасу кеші өтті. Бұл жылы мектеппен 3 түлек қоштасып, 5 оқушы бастауыш сыныпты тәмамдап жоғарғы сыныпқа қадам басты.

Соңғы қоңырау мерекесінде ән салынып, тақпақтар айтылып, мектепте қалып, оқыдарын жалғастыратын оқушыларға тілектер білдіріліп,бастауыш сыныптармен ленталар айырбастырылып, мұғалімдерге естелік сыйлықтар сыйлап, мұғалімдер мен мектеп директорының тілектері мен баталарын алды.

Бұл жылың ерекшелігі - оқу жыл басында мемлекттік тілде оқытылатын сынып ашылып, оқу жыл соңында сол сынып бастауыш мектеппен қоштасып, жоғарғы сыныпқа көшірілді.

Қоңыраудың соңында дәстүрге айналып қалған «соңғы қоңырау» соғылды. Бұл жылы соңғы қоңырауды 9 сынып оқушысы Толстиков Вадим мен 1 сынып оқушысы Матвейчук Саша құрметпен орындады.