«Құтқарылған ел есінде»

2013 жылдың 8 мамырында Зеленая роща негізгі орта мектебінде Ұлы Отан Соғысының жеңісінің 68 жылдығына орай тәрбиелік «Құтқарылған ел есінде» мереке өткізілді. Мерекелеу кешіне Ұлы Отан Соғысының ардагері Казанцева Вера Петровна, еңбек ардагері Букаева Файна Габдулиповна, педагогика еңбегінің ардагерлері Ситников Митрофан Тимофеевич, Ситникова Надежда Николаевна және ауыл қарттары шақырылды.

Мектеп оқушылары ән, би, тақпақтарға толы мерекелік концерт дайындады.

Мерекелеу бір минуттық үнсіздіктен басталды. Содан соң мектеп директоры Шарапиденова Сара Еркінжасқызы сөз сөйлеп, ардагерлерді құттықтады.

Шағын орталықтың тәрбиеленушілері мерекемен құттықтап, «көк орамал» биін билеп берді.

Мерекенің соңында ардагерлерді жайылған дастархан басына шақырып, сыйлықтарды табыс етті.