«Алғашқы қоңырау»

            Миллиондаған Қазақстандықтар үшін 1қырқүйек үлкен мереке: Білім күні. Жаңа оқу жылдың басы. Біреулер үшін – бұл күн жаңадан мектеп табалдырығын аттаған күн болса, біріеулерге бұл мектеп қабырғасындағы соңғы «Білім күні».

Алғашқы қоңырау мейрамына ата –аналар мен ауыл тұрғындары,кәсіпкерлер келді.

Жаңа оқу жылдың бастауымен Зеленая роща негізгі мектеінің директоры Шарапиденова С.Е. барлығын құттықтап сөз сөйледі.

Бұл күн әсіресе бірінші сыныпқа аяқбасып отырған бүлдіршіндер үшін ерекше. Олар осы күні білімге бастаған ұзақ та ауыр жолға түседі. Осы күні ата-аналар үшінде өте ерекше – өйткені олар балалары үшін қатты қобалжып, бұл жолды сүрінбей өтулеріне тілектеседі. Мерекенің соңында жаңа оқу жылындағы алғашқы білім күніне арналған, алғашқы қоңырауды 1сынып оқушысы Мұрат Оразбек пен 9 сынып оқушысы Айтжанов Темеш соқты.

Мереке барлық оқушылардың орындауындағы флеш-мобпен аяқталды.