Ауылдық округтің әкімімен есептік кездесуі

            2014 жылдың 16 қаңтарында Зеленая роща негізгі орта мектебінде Береговой ауылдық округінің әкімі – Рахметова Г.К-ның Зеленая роща ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Кездесуге аудан әкімінің өкілі, Қашыр аудандық білім бөлімінің бастығы - Сәдуәқасова С.Р. қатысты.

            Әкіммен кездесуге ауылдың көптеген тұрғындары келді, сонымен қатар қарттар да, «Букаев», «Адам» ауыл шаруашылығының басшылары,ИП «Букаев» қатысты.

           Жиналысты Береговой ауылдық округінің басты маманы Каримов Н. жүргізді.

           Ауылдық округтің әкімі 2013 жылда істелген жұмыстарға есеп берді.

          Береговой ауылдық округінің әкімі – Рахметова Г.К және аудан әкімінің өкілі, Қашыр аудандық білім бөлімінің бастығы Сәдуәқасова С.Р. ауызша және жазбаша түрде кездесу барысындағы барлық сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берді. Ауыл тұрғындарының басты  қозғаған қиыншылықтары: ауылды сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, жас мамандарды тұрғын орындарымен қамтамасыз ету, мәдениет үйін салу туралы болды. Бұлардың бәрі арықарай қарастырылып, іске асырылу үшін хаттамаға енгізілді.