«Көптілділік-болашаққа салар сара жол»

Еліміз егемендігін алғалы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған ана тіліміз – қазақ тілі қанатын кеңге жайып келеді. Оған біріншіден Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың елімізде жүргізіп отырған тілдік саясаты ықпалын тигізуде. Ал екіншіден мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде мектептердің сабақтан тыс іс –шаралар ұйымдастырып, әдеби кеш өткізулері барысында қазақ тілін насихаттаулары да өз үлестерін қосуда. Соның дәлелі ретінде Зеленая роща жалпы білім беру негізгі мектебінде қыркүйек айының 10-21 аралығында ҚР халықтарының Тілдер күні онкүндігі өткізілді. Осыған орай 10- қыркүйек күні тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты жиынымен «Лингвист» шығармашылық тобының жетекшісі Муханова Л.К. құттықтау сөзімен ашып, онкүндіктің іс – шара жоспарымен таныстырды.

 

Мектеп кітапханасында ҚР халықтарының Тілдер күніне арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Жоспар бойынша 1-8 сыныптарында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сынып жетекшілері тақырыптық ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

Онкүндіктің жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау кезеңі21-қыркүйек күні «Тіл-әр халықтың байлығы» тақырыбында Қазақстанда тұратын халықтардың тілдер фестивалі өткізілді. Әр сынып оқушылары орыс және қазақ сыныптары Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың тілінде өлең оқып, ән айтып, би билеп салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын, өнерін, ұлттық киімдерін көрсетіп, тілдер күні мерекесінің маңызы туралы барша оқушыларға мәлімет берді. Шара соңында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаз сыныптар мен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Тілдер онкүндігіне мектеп оқушылары мен ұстаздары белсенді қатысып,  барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.

Зеленая роща ЖББНМ

мұғалімі Букаева А.Х.