1

КІРУ

Орман арамбездерінің жаңа жылдағы қылықтары

2013 жылдың  28 желтоқсанында ММ «Зеленая роща негізгі орта мектебінде» «Орман арамбездерінің жаңа жылдағы қылықтары»атты бастауыш сыныптар, дайындық топ пен шағын орталық тәрбиеленушілеріне арналған таңертеңгілік өткізілді. 

 

Барлық сыныптар жаңа жылдық газеттер сызуға, жаңа жылға сәндеуіш ойыншықтар мен сән қағаздарын жасауға тапсырмалар алды.

Мектептің спорт залы барлық мұғалімдердің арқасында сәнге оранып,шамшырақтармен жарқырап тұрды.

Дайындық пен осы іс-шараның өткізілуіне мектептің дайындық тобы мен 1 сынып қатыстырылды. Олар «Бауырсақ» ертегісінің қойылымын қойып, керемет би билеп берді.

Жаңа жылдық таңертеңгілікте леший(Букаева А.Х.), Кикимора(Баймурзинова О.М.), Кощей(Омиржанова К.Қ), Жалмауыз кемпір(Айтжанова Б.З) Ақшақарды(Матвейчук А.З) ұрлап кетеді, ал Аяз ата(Казанцева Р.Ф.)немере қызын орман арамбездерінен құтқарып алады.

Керемет көңіл күй, қуанышпен 1-9 сынып оқушылары шыршаны қоршай ән салып,би биледі. Таңертеңгіліктің сценариі мен дайындығын бастауыш сынып мұғалімдері Букаева Н.И., Айтжанова Б.З., Букаева А.Х., ағылшын тілі мұғалімі Омиржанова К.Қ., ата-аналар өкілі Матвейчук А.З., мейрамның музыкалық рәсімдеуін Нұрғалина У.Қ жасады.

Мейрамдаудан кейін Аяз ата мен Ақшақарға балалар тақпақ айтып, ән салып өнерлерін көрсетіп, барлық ертегі кейіпкерлерімен суретке түсіп,жаңа жылдық сыйлықтарын алды.

Мерекелеу сәті,көңілді де қызықты өтті. Балалар мен ата-аналар жаңа жылдық тамашаның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына жақсы көңіл күйлері үшін алғыстарын білдірді.