“Серпін’’бағдарламасының іске асырылу бағыты.

Зеленая роща ауылы. Бұл ауылдың алпыс үйдей тұрғыны бар шағын –ауыл. Ауылда мектеп, шағын орталық, клуб, жеке шаруа қожалықтары бар, өсіп келе жатқан ауыл. “Серпін’’бағдарламасы аясында ауданымызға «Оңтүстіктен-Солтүстікке» қоныс аударушылар келіп жатыр. Соның бірі біздің ауылымызға қоныс тепті.

20180918 081723 resized 2

 

Ол жалғыз басты ана Ырысалды Тұрсынханова Тұрғынбекқызы болатын.  Ол кісі бір ұлдың анасы, мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі болып біздің мектепке орналасты. Ол кісінің біздің ауылға келгеніне қуанып, біздер жылы жүзбен қарсы алдық.

Ырысалды Тұрсынханова Тұрғынбекқызының негізгі мақсаты: өз білгенін оқушыларға үйретіп, аз да болса осы ауыл тұрғындарына қазақ тілін жете түсіндіріп , үйрету екенін атап өтті. Біздің тәуелсіз ел атанғанымызға жиырма жеті жыл болса да, өз ана тілімізге шорқақтау екенімізді жақсы білеміз.   Сондықтан , да бізге ана тілінде емен-еркін сөйлейтін, қазақ халқының дәстүрін, әдет-ғұрпын , жақсы дәріптей білетін ұстаздың келгеніне қуаныштымыз. Біздің ол кісіге жылы қабақ танытып, жарқын жүзде қарсы алғанымыз ұнады. Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен бұл кісіге қажетті заттарын тауып беріп , өзіне , ұлына деген қамқорлығымызды қолдан келер көмегімізді көрсеттік.

Себебі, біз үшін әрбір Қазақстан азаматының өз елінде жатсынбай, тез ортаға бейімделіп кетуі маңызды. Осыны алға тарта отырып , ауыл әкімінің мектеп басшысының арқасында көптеген азаматтардың біздің облысқа қымсынбай, қуана-қуана келуіне атсалысудамыз.

Ауылымыздың тұрғындары көбейіп, көркейіп, мектеп оқушыларының саны арта берсе, біз үшін бұл үлкен еңбек.

Ойымды түйіндер болсам, біз осымен ғана шектелмей, әлі де келетін қоныс аударушыларға өз құрметімізді, көмегімізді, олардың жерсінбей алаңсыз жүруіне әрқашан да дайынбыз.

                       

 Зеленая роша негізгі мектебінің мұғалімі : Совет Жархангул