1

КІРУ

Жаз келді!

        Сыңғырлап соғылған ақырғы қоңыраудың үнімен «Алақай,жаз келді! Жазғы демалыс басталды!» деген қуанышты сарын балалардың бойын билеп кеткені сөзсіз. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары анық.. Зеленая роща негізі мектебінде маусым айында ашылған «Улыбка» атты жазғы лагерьде 18 бала жазғы уақыттарын көңілді өткізуде.

            Балалардың көңілін барынша аулап ,уақыттарын неғұрлым қызыққа толы өткізуге аянбай еңбек етіп жатқан тәрбиешілер, тіл мамандары, музыка маманы түрлі-түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Күнделікті жоспар бойынша мектеп медбикесі балалардың жағдайын тексеріп, тіркеген соң, таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгілік сайыстар өткізілуде. Балаларға арнайы дайындалған ас мәзірі бойынша күніне 4 уақыт сапалы тамақ берілуде.                                      Лагердің жоспарында «Рухани жаңғыру» тақырыбы басшылыққа алынғандықтан, әрбір іс-шараға ұлттық нышан элементтерін қосуға тырысудамыз.Балалардың жүйке жүйесінің дұрыс тынығуы мақсатында музыка, тіл жетекешілерінің ұйымдастырған сұрақ-жауап, сөзжұмбақ,мақал-мәтелдер халық ертегілер сайысы балдырғандар бойында ұлттық құндылықтарға деген махаббатын оятуда. Сондай-ақ дойбы, шахмат, асық ату атты ойындармен қатар «Ең мықты сәнгер», «Ең керемет» «Кім жылдам» т.б қызықты-қызықты жарыстар өткізуде. Балдырғандар болса ойын-жарыстарға үлкен қызығушылық танытып белсене қатысуда. Тәрбиешілер тарапынан балалармен эстетикалық тәрбиеге, үлкен-кіші қарым-қатынасы, дастархан әдебі сынды үлгілі әңгімелер жүргізілуде. Лагерь жетекшісі Тоендыкова А.Е жетекшілігімен біздің балалар көрші «Жасқайрат» ауылына қадірлі қонақ болып, өз қойылымдарын қойып, ән мен би билеп қайтты.     

           Осылайша бірлескен жұмыс жемісі - «Улыбка лагері » біздің балаларымыздың көңілінен шығуда.

           Зеленая роща НМ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Совет Жархангүл.