Қарттар күні

Қыркүйектің 30-ы  күні Зеленая роща негізгі мектебінде «ақылдың қайнар бұлағы, даналықтың шырағы, өткен заманның көзі» - қадірлі қарттарымыздың құрметіне құттықтау мерекесі аталып өтті.

Ауылымызға аға буынды бір қуантып құттықтауға Қашыр ауданының балалар үйінің директоры Қабышева Үміт Мырзағұлқызы жетекшілігімен  қоржынында қызықты қойылымы бар бір топ бүлдіршін қонақтар келді. Біздің мектебіміз қонақтарды жылы лебізбен қарсы алып,күміскөмей домбыраның үнімен шашу шашылды. Біздің оқушылар тарапынан әр түрлі ән мен би ұсынылды. Сондай ақ Октябрьск мектібінің оқушысы Темірболатова Меруерт лизгинка, өзбек биін билеп берді. Ал Қашырдан келген қонақтар болса, біздің ата-әжелерімізді көңілді әнмен, әдемі де қызықты бимен қуантты. Сондай ақ олардың ішіндегі өзге ұлт өкілдерінің балалары мемлекеттік тілде өлең жолдарын жатқа айтып, ән шырқады. Өнерлі жастардың арасында үстел теннисінен Республикалық сайыста 1 орын алып, Қытай астанасы Пекинге  жолдама алған Мухамеджанова Лаура атты қызымыз да болды. Лаураға біздің ауылдың жеке кәсіпкері Искаков А.Ж. қаржылай сыйлық жасап, Отанымыздың гүлденуіне үлес қосқанына ризашылығын білдіріп, алдағы Қытайда болатын сайыста жүлдемен оралуына сәттілік тіледі. Мектеп директоры Сара Еркінжасқызы қариялар қауымын халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтап, кәсіпкерлер мен мектеп әкімшілігінің атынан қарияларымызға және балалар үйіне шағын сыйлықтар жасап,ризашылығын білдірді. Сонымен қатар қонақтарымызға мол дастархан жайылды.Мерекеге көңілі толған ауылымыздың аға буыны, кәсіпкерлері  жылы лебіздерін білдірді. Балалар үйінің директоры Үміт Мырзағұлқызы Зеленая роща Негізгі мектебіне әкімшілік атынан алғыс хатты тарту етті. Осылайша мерекені көңілді өткізген ата- әжелеріміз үйлеріне дән риза болып оралды.