1

КІРУ

Ашық сабақтар апталығы

“Бала өсірген ата-ана - балаша ойнайды,

Бала оқытқан ұстаз-балаша ойлайды.”

Зеленая роща негізгі мектебінде қараша айының соңғы екі аптасы аралығында бастауыш сынып буынында ашық сабақтар апталығы өтті.

Сабақты бірінші болып шағын орталықтың тәрбиешілері мен тіл мамандары бастады.Жас мамандықтан енді ғана аяқ басып келе жатқан тәрбиеші А.Т. Қазизқызы бүлдіршідермен “Сандар. Жуан, жіңішке.” атты тақырыпта сабақ өткізді. Балаларға түрлі қызықты тапсырмалар беріп, өзінің шеберлігін және тәрбиеленушілердің білімін, тапқырлығын тиімді көрсете білді. Сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімі К.Р. Бәкібайқызы 4 “а” сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен “Қыстырма сөздер” тақырыбында бекіту сабағын ұсынды. Сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтамен еркін жұмыс жасап, түрлі тапсырмаларды шапшандықпен орындай білді. Оқушылар белсенді қатысып,мұғалім көздеген мақсатына жетті. Мектеп қабырғасында еңбегін сіңірген ұстаздар өздерінің білімдерін, сабақты беру сапасының жоғары деңгейін асқан шеберлікпен көресете білді. Сөйтіп, ашық сабақтар апталығынан кейін қызықты іс-шаралар өткізілді. “Жас дарын” тақырыбында оқытылуы мемлекеттік тілде емес сынып жетекшілері викторина ұйымдастырды. Сондай-ақ квн,интеллектуалдық ойындар жүргізілді. Өздерінің білімін, шеберлігін көрсете білген ұсатздар жас мамандарға үлгі болды. Ал оқушылар белсенді қатысып, өз оқытушыларны жерге қаратпай мәртебесін көтерді десе де артық болмас.

                                 Қабдырова Р.Б.