«Ұлан басы» сайлауы
«Ұлан басы» сайлауы бірнеше кезеңде өтті.
Бірінші – үміткерлердің ұсынылуы мен тіркелуі.
Екінші – сайлау алдындағы үгіт.
Үшінші – сайлау.
Төртінші – дауыстардың саналуы және жеңілпазды хабарлау.
Сайлау комиссия мүшесіне 7 сынып оқушысы Амантай Әйгерім, 8 сынып оқушысы Абдулманова Бикен және мектеп тәрбие жетекшісі Машенова З.С. кірді.
Сайлау комиссия мүшелері 2 үміткерді тіркеді: 6 сынып оқушысы Хуанай Айкүміс пен 6 сынып оқушысы Амантай Нұршаш.
Екі апта аралығында үміткерлер өздерін ұсынып, сайлау алды үгіттерін жүргізді.
Мінеки көптен күткен сайлау күні де жетті. Барлық оқушылар, мұғалімдер және мектеп жұмыскерлері өз таңдауларын жасап, қалаған үміткерлеріне дауыстарын берді.
Сайлау комиссиясы хаттама құрды, хаттаманың ішіне «4 дауыс айырмашылығымен 6 сынып оқушысы Амантай Нұршаш «Ұлан басы» болып сайланды», - деп жазылды.
"Даңқыңнан сенің, ұстазым менің!"
Бар бұл өмірде бір ғажап босаға, оны ешкім абыржымай аттай алмайды. Бұл – мектеп босағасы. Адам қартайса да, бәрі бір еш қажырсыздықпен мектеп табалдырығын аттайды. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап алғашқы қоңырау, балалық шақ, ұстаздары еске түседі.
Жыл ішінде бір күн бар, бүкіл адамзат өз ұстаздарын есек алатын. Бұл мереке – ұстаздар күні.
Мінеки, біздің мектеп оқушылары да өз ұстаздарының мерекесін ұмыт жібермеді. Олар ән, би, көріністерге толы мерекелік концерт, КВН нөмірлерін қойды
Денсаулық күні «қазына» іздеуге аттанамыз
Салауатты өмір салты құрылымында, жаппай спорттық іс-шараларға қатынасу тәрбиесінде, балалардың өз білімі мен күштеріне сене білулері, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру барысында, 7 қыркүйек күні Зеленая роща негізгі орта мектебінде дәстүрлі Денсаулық күні өткізілді.
«Алғашқы қоңырау»
Миллиондаған Қазақстандықтар үшін 1қырқүйек үлкен мереке: Білім күні. Жаңа оқу жылдың басы. Біреулер үшін – бұл күн жаңадан мектеп табалдырығын аттаған күн болса, біріеулерге бұл мектеп қабырғасындағы соңғы «Білім күні».
Алғашқы қоңырау мейрамына ата –аналар мен ауыл тұрғындары,кәсіпкерлер келді.
Жаңа оқу жылдың бастауымен Зеленая роща негізгі мектеінің директоры Шарапиденова С.Е. барлығын құттықтап сөз сөйледі.
Бұл күн әсіресе бірінші сыныпқа аяқбасып отырған бүлдіршіндер үшін ерекше. Олар осы күні білімге бастаған ұзақ та ауыр жолға түседі. Осы күні ата-аналар үшінде өте ерекше – өйткені олар балалары үшін қатты қобалжып, бұл жолды сүрінбей өтулеріне тілектеседі. Мерекенің соңында жаңа оқу жылындағы алғашқы білім күніне арналған, алғашқы қоңырауды 1сынып оқушысы Мұрат Оразбек пен 9 сынып оқушысы Айтжанов Темеш соқты.
Мереке барлық оқушылардың орындауындағы флеш-мобпен аяқталды.
Жазғы демалыстың қорытындысы
Жазғы демалыстың күн тәртібінің құрылуы мен даму барысы тәрбиеленушілердің жыл бойындағы алған білімдеріне орай құрылды. Жазғы демалыс лагерінің негізгі ұраны «Демалыс – ол қол қусырып отыру емес,білімнің трансформациясы мен желтілуі». Балаларды жетілдірудің бір түрі ретінде тәрбиешілер жазғы демалысқа арналған көркем әдебиеттерді оқу деп санады.